Жар бола гөр жұбайым.
Мерт қылмағай дұшпанға
Жаратқан Жаббар Құдайым,
Бабаларым Шашты Әзиз,
Ер қайратын сынайын.
Тәуекел еттім қыларға,
Батырлар жауға құмар ма?
Көкіректің шерлері
Соғыссам жаумен, шығар ма?!
Мен – бидайық, қырғимын,
Шабытым келсе, шүйілемін.
Қалмақ шіркін – қаз, торғай,
Құстарды келдім қуарға.
Мен – көкжал бөрімін,
Сан мың көпек алдымда
Қарсы шыдап тұрар ма?!
Қашаған Күржіманұлы