ЕРГӨБЕК БҰЛБҰЛ ҚҰСЫҢ ЕМЕС ПЕ ЕДІ?

 
Ергөбек ақын елге өкпелеп, Мырзашөл, Ташкент, Жызақ жағына жырақтап кеткен соң, ағалы-інілі, ұстазды-шәкіртті рухани жақын қарым-қатынаста жүрген Құлыншақ:
Әз-Ғаріп еске түсер әр заманда,
Қазаққа тұлға болған тар заманда.
Жұмада Құран оқып бағыштасам,
Тұрғандай оң жағымда таң намазда.
Әруақты Алатауды ел айтады,
Қоңыраттар Орғанасқа орнағанда.
Бұл елдің Ергөбектей шайыры бар,
Бір қырсық төбесінен торлаған ба?
Көктің ұлы, биі мен бекзадасы
Қалай төзді ақынын қорлағанға.
Бауырыңның тіріде қадірін біл,
Өсек айтып, өрт қойма алдағанға.
Өзіңді жаттай сыйла деген қазақ,
Жол берме әзәзілдер арбағанға.
Өзегіңді өксітер ақын жыры,
Ташкенде сарт жағалап зарлағанда.
Ергөбек бұлбұл құсың емес пе еді,
Қолыңа ілінетін қармағанда.
Майжелке Мұрынқарақ жүдемесін,
Бұл өмір жалған екен барлағанға,– деп Қоңыраттың беделді азаматтарына айтып, ат мінгізіп, шапан кигізіп, шаңырақ көтертіп, Ергөбекті өз орталарыңа алыңдар дейді. Арғынның Дөңқасқа датқасы тірі болғанда Ергөбек бүйтіп қор болмас еді деп өкініш білдіреді. Майлықожа ақын да Көктің ұлына беделін салып Ергөбекке
Мұрынқарақтан жер беріп, Дулаттан қыз әпермекші болады. Ел екі ақынның ықпалымен Ергөбекті елге алдыртады.
 
Құлыншақ Кемелұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *