Дұшпаннан кегі алынған.

Дұшпаннан кегі алынған.
Он сан ноғайлыны басқарып,
Телағыс, Орақ, Мамай, Асанқайғы атам –
Олар да кеткен екен ғой
Мынау көлденең жатқан Нарыннан.
Мынау бір өткен уақиға,
Бұдан да хабар берейін:
Тайшық ханның елі толғанда,
Тай тулап талқан болғанда,
Орманбет ханның елі толғанда.
О да келіп бір күні,
Тай тулап талқан болғанда,
Бір құтырған құртқа жолықты,
Орманбет хан сол кезде
Қайтерін білмей торықты.
Бүлдіруге көп елді
Сол құрт себеп болыпты.
Арша деген ағашқа
Бір бозторғай келіп қоныпты.
Сол ағаштың бойынан
Құтырған құртты қағып жеп,
Құтырып торғай шырлайды,
Көкке қарай зырлайды,
Қанатын сілтеп пырлайды.
Өзінен зордан қаша алмай,
Жүрегін торғай баса алмай,
Шарықтап жүрген бүркітке
Шапқан екен торғай тайсалмай.
Оқиға бұрын болған көп,
Ойласаң, шығар түрлі кеп.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *