Бүгін де бұлар талаптан
Ақша тапты есептеп.
Мамықтан жақсы төсек деп,
Тасқандардан сөз шықты,
Сиырдан жақсы есек деп.
Көп болды сондай тасқандар,
Әлдерін білмей асқандар.
Пиғылынан солардың,
Қабыса жаздады аспан, жер.
Тәкаппарлар көп еді,
Төгілуге, сірә, дөп еді.
Бұл арада мал тапқан
Бір шүкірлік қылмады.
Бір азамат ерде дәулет кем болса.
Қабаннан жаман Қарынбай
Жан екен деп оны білмеді,
Көзіне тіпті ілмеді.
Мінейін деп, базардан
Жүз теңгеге ат алды.
Киейін деп, базардан
Қызыл күрең зат алды.
Ауылдағы қатындар
Өзі барып, базардан
Қымбатына мата алды.
Қара бешпент, ақ көйлек
«Мынау кімнің қатыны» атанды.
Сахарадан ауылы көшкенде,
Сиырға жүгі сыймаған,
Арқалап жанын қинаған,
Бұл уақыттар болғанда,
Кәрі қоспақты мал демей,
Түзеді нармен қатарды.
Қашаған Күржіманұлы