Сарт та келді бұл тойға арбасымен,
Дуана жүр қоржынымен, дорбасымен.
Бай мен мырза қаздайын мамырлайды
Жүйрігімен, жылжыған жорғасымен.
Кедей сорлы сартылдар шоқайымен,
Бала біткен әуре тобайымен.
Болыс пен би аранын ашып отыр,
Жұтқысы кеп бәрін де қопайымен.
Құлыншақ Кемелұлы