Атамнан қалған тұлпарым

Атамнан қалған тұлпарым –
Қабан құлақ қара ат жоқ,
Атасы кәпір дұшпанға
Жаяу бармақ санат жоқ,
Ұшайын десем, қанат жоқ,
Өзім барып алмадым
Қалмақтың соққан қаланы.
Етіме қажау салдырып,
Түсірмедім жараны.
Мен қалмаққа бармасам,
Атаның орнын алмасам,
Жұрт келемеш етеді.
Жұрттың еткен күлкі сөз
Сүйегіме жетеді.
Мұндай қорлық көргенше,
Жасымнан өлсем не етеді?!
Тәңірім, тілек бермедің,
Көздің жасын көрмедің.
Астымда атым бар болса,
Айналайын қарт ана,
Жауға бармайтын жаман туған сенен мен бе едім?!
Сонда кемпір баласының сөзіне қуанып: «Атың жоқ болса, атың табылады, азды-көпті малыңды бер, оған түспейтін
болса, қарындасың Қибат сұлу бар, бір жар қараның жетпесіне алса, мені де бер, қалайда ат тауып, жауға аттан,
қатарыңнан калма», – дейді. Бірақ бұл сапарға тек тұлпар
жарайтын болады. Сондықтан төрт жігітке ат қаратып жібереді. Және: «Тұлпарды сендер танымассыңдар, тұлпар деген
жусаған сағатта басын сауырына салып құс құсап жусайды.
Егер осындай ат табылса, арығына қарамай, саудалаңдар», –
дейді. «Басқа ат саудаламай-ақ қойың», – дейді.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *