Сонда Қарасай қарындасынан жеңіліп, тумаластық
еске түсіп: «Қарағым, сені жылатып кеткенше, жаяу кетейін»,– деп, аттан секіріп түсіп, бес қаруы белінде, жаяу
жүгіріп кетеді. Ел тоқтатуға қорқады. Шешесі мүгедек,
үлкен кісі ғой, қоштасып үйде қалған екен, соған халық
хабар береді. «Бір себеп болып балаң жаяу кетті, ол жауға
да, ауылға да жете алмайды, далада қалады», – деп хабарлайды. Сонда кемпір тұра жүгіргенде, ұйықтап жатқан баласы Қазидың басына сүрініп жығылады.
Сонда Қазидың басын ұстап отырып айтқаны:
Басыңды көтер бермен, Қазижан,
Атады бізге неғып таң?
Жаңа келіп отырмын,
Аузымнан кетіп қара қан.
Жаяу кетті жалғызым,
Болмады айла етерге.
Алған атын бермеді,
Айтсам, сөзім өтер ме,
Соңынан қуып жетерге?
Есіктің алды қос терек,
Біреуі бар да, бірі жоқ.
Бір желіде қос тұлпар,
Біреуі бар да, бірі жоқ.
Бір ұяда отырған
Бір лашын, бір сұңқар,
Біреуі бар да, бірі жоқ.
Бір айдаһар, бір жылан
Оның да біреуі бар да, бірі жоқ.
Ойлап-ойлап қарасам,
Айым жатыр, күнім жоқ.
Көкірегім толған шер,
Енді болдым қара жер.
Жаңағы кеткен карғама
Бабай түкті шашты Әзиз,
Сыртынан қолдап, көмек бер.
Қашаған Күржіманұлы