Аруақты қарт ана

Аруақты қарт ана,
Ақылға кәміл сен дана.
Мен өзім теңімнен кем болып,
Жамандармен тең болып,
Дұшпанға қылған қайратым
Сонда қалды шен болып.
Әділімнен айрылып,
Жез қанатым қайрылып,
Жасыған жездей майрылып,
Осы күнде келемін
Қас масқара мен болып.
Өртенді бауыр-үйегім,
Қайғыменен күйемін.
Тоғыз қайтара ат салдым,
Сонда да көре алмадым оның сүйегін.
Қамалға қанша кірсем де,
Әділімді көрмедім.
Қайратымнан не пайда,
Соның жатқан жерінде
Мен де жатып өлмедім!
Енді қашан көрермін?
Бір көрмесем – өлермін.
Таңда мақшар күнінде
Тар көшенің жүзінде
Бір көрсем, сонда көрермін

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *