Ал көзіме көріндің

Ал көзіме көріндің,
Көтергейсің, Алла, белімді.
Көп екен деп мен тайсам,
Бергенің жақсы өлімді.
Бұл жорықтан қалма деп,
Қалсаң, перзент болма деп,
Түн ұйқыда жатқанда
Атам Орақ келіп көрінді.
Қалмақтың келдім жеріне,
Көрінген қара еліне,
Жау көрінді көзіме.
Тебіренер ме екен сөзіме,
Атам Орақ, қайдасың,
Медет бергейсің өзіме!
Атаға тартқан ұл болса,
Көптен көмек сұрар ма.
Келген соң жауға кезіге?!
Кел, тәуекел қылайын,
Әулие мен әнбие,
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *