Қара күшігеннің түрі, қалған өлексе жегіш құстардікіндей– қаһарлы келеді. Өлексенің ішкі құрылыстарын жеген кезде мамығын былғамау үшін, олардың басы мен ұзын мойнында қауырсын болмайды. Күшіген мойнының айналасына мамықтардан «жаға» төсеп қалған. Бұл құстың өлексе терісін жырта алатын ілгек тәріздес мықты тұмсығы бар. Күшігеннің асқорыту жүйесі тіпті, шіріп кеткен етті де қорытуға бейімделген. Ал, табандары әлсіз, тырнақтары да қысқа және ішіне қарай аз иілген – өйткені, олар олжасын өлтіруге қолданылмайды ғой. Күшігендер шөпқоректілер табыны жүретін жерде тұрақтануды ұстанады. Күшігендер ауа тасқынын қолдана отырып, өзінің ұзын да кең қанаттары арқылы жоғары көтеріледі де, биікте ұшып жүріп өлексе қарайды. Бір күшіген өлексе тауып төмендесе болғаны, қалғандары да оның соңынан ереді. Күшігендер өлген аңды күнделікті таба бермейді, сондықтан, табылған өлекседен қайткенде де көбірек жеп қалуға тырысады. Тояттанған күшігендер жақын жердегі талға барып қонады немесе өлекседен біраз шеткері барып, ол@жасын қорытып отырады. Біздің еліміздің осындай ең ірі жыртқыш құсының ұясы – қожайынына ұқсас келеді.