Үстіне қонған қонаққа

Үстіне қонған қонаққа
Сырбаз сойып, май берген,
Басытқысына қызыл күрең шай берген.
Арасында сабадан
Ақ шұбат, қымыз, жай берген.
Шұқыратып жылқы айдап,
Өбістіріп құлын-тай байлап,
Жақсының түсіп жолына,
Ізгіліктің еріп соңына.
Ғарапа барып қажы еткен,
Бес парызын ада еткен
Ғаниларым бар еді.
Көбісі жұрттың кәсібі –
Пітнеден болды нәсібі,
Білмеймін заман нешігін?
Бүгінгі адам намысы
Лек-лек құсқа ұқсайды.
Байланбағай еді, жарандар,
Тәубе мен ынсап есігі.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *