Ер жігіт тазы қосып, түлкі алады,
Кейбірі қолға үйретіп, құс салады.
Көк атты көлденеңнен кездескенде,
Майлансын деп түлкі байланады.
Менің де дәл солай кезім түсті,
Таңатқа ұшырасып салған құсты.
Бұлаңдап қашқан түлкі құтылмастан,
Ажалға аңдып жүрген жолығысты.
Үш тоғыз үйірімен болсындағы,
Аңшының жолы болып жансын бағы.
Батасы Құлыншақтың қабыл болып,
Түлкіні ала бергін талай тағы.
Құлыншақ Кемелұлы