ҚАШАҒАН МЕН ІЗБАС

Ізбас дейтін жас ақын болыс-билердің, сөзіне еріп,
қарт ақын Қашағанның мұрагерсіз, кедейлігін айтып,
мұқатуды ойлайды. Өлең сөздің өрен жүйріктері Қашаған,
Сәттіғұлдармен сайыспақ болады.
Қашаған болсаң, таяма,
Барың болса, аяма.
Оңтайлы жігіт, жүйрік ат,
Қашқанмен сені қоя ма?! –
деп тиіседі. Сонда Қашаған оны былай деп сөзбен
буыпты:
Ардақты атам Ер Қосай,
Өзімнің атым Қашаған,
Ғұмырым сексен жасаған.
Адай түгіл, Алшынға
Жүйрік едім қашаннан.
Бұл күндері болғанда,
Жас сексенге толғанда,
Көз салдың ба, Ізбас-ау,
«Жасы жеткен қарт қой, – деп,
Буындары босаған?»
Мен сені әлі артық көрмеймін
Шыбын мен шіркей, масадан.
Осы бір сөзім дұрыс па
Иә болмаса бұрыс па.
Жөн білетін бас адам?
Естілді жұртқа былшылың,
Біздердей ақын-жыршының
Соңынан қалмай сөз айту –
Арылмай жүрген қырсығың.
Маған тиген, Ізбас-ау,
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *