Жас сексенге келгенше,
Сақалға шалғырт енгенше
Талайдың көрдім құрмасын.
Арзу болған әлеумет,
Ортаңызға келген соң,
Шайырың енді жырласын.
Таусылғанға ұқсайды
Елдегі қатар құрдасым.
Қырмызы қызыл дүние
Басымда білдім тұрмасын.
Кешегі жалын күнімде,
Адай түгіл, алашқа,
Сыйланды талай бұл басым.
Аралап жүрмін халықты,
Нәсібе айдап қуғасын.
Қашаған Күржіманұлы