Қай елде де айтқыш шебер бар

Қай елде де айтқыш шебер бар.
Олай бола тұрса да,
Бұл жерлерде сөйлейтін
Біз секілді кемел бар.
Той – адамның қазынасы,
Жұптанып неке қиылған,
Ақ бұйрығы деген бар.
Құлақ қойсаңдар келіске,
Нанып болмайды теріске.
Адам Ата жұптанып,
Хауа Ананы алғанда,
Исраил, Микаил –
Некесін қиған екен екі періште.
Айтамын хабар қиырдан,
Ешкімнен қорқып тиылман.
Расулы пайғамбар
Хадишаны алғанда,
Ақ некесін қисын деп
Жәбірейілге Алла бұйырған,
Әне, сол себептен неке қиылған.
Қыз бала, сізге айтайын,
Жұрт жинап, қызық той еткен.
Атымтай Жомарт салған жол,
Бақыт пен дәулет қонған жол.
Арғымақ аттай әнденген,
Сөйлесе, сөзің пәмденген,
Тоты құстай таранып,
Бойыңды түзеп сәнденген,
Өтейін деп отырсың
Балдырлы Балқаш көлдерден.
Абайласаң, айып жоқ
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *