Топырақты қайғыңа да,
торғын торқа тойыңа да апардың,
Салға балап сайрандатып
хақ төріне отырғыздың салтанатты шаһардың.
Әнмен, сөзбен атты талай арайлы таң,
батты талай батар күн,
«АҚЫН БАЙЫТ» атандым.
Тірі күнде бар қазақты сиғыздым мен
қайғысымен шаттығымен ішіме,
Сондықтан да сыйлы болдым
үлкеніңе, кішіңе.
Өлген соң да бір қажетім бола қалсаоу, халқым,
Қарсы емеспін қабырымнан суырып ап жарата
бер ісіңе.
Байыт ҚАБАНҰЛЫ