Сәттіғұл мен маған тигенің –
Арылмай жүрген қырсығың.
Жанғабылдың Сәттіғұл
Жүйрік еді қашаннан –
Келе жатқан баға алып,
Үстіне халық қамалып.
Озған өрен жүйрікпін,
Қосылдым талай дүбірге.
Амалым бар ма, қайтейін,
Кәрілік жетті бүгінде.
Мен – қайыртпай кеткен ақынмын
Таз Қашқынбай, Тама Ізімге.
Ұлық болар, Ізбас-ау,
Таласқан бізбен білімге.
Мен – мұхит жатқан тереңмін,
Шамшырақ жанған түбімде.
Сен – бір жабы, мен – тұлпар,
Сен – қарға да, мен – сұңқар,
Тоғыңды шайқап бүлінбе.
Сен – өзекте жүрген бөлдірке
Мен – теңіздегі кемемін.
Басармын да кетермін,
Батарсың да кетерсің.
Не деп айттың бұл сөзді,
Алды-артыңды ойламай?
Мен – бір жатқан мұхитпын,
Кетерсің, байғұс, бойламай…
Түкірігім сөндірер
Сенің жаққан отыңды.
Жүйрік едім қашаннан
Қашаған Күржіманұлы