СЕН ДЕП ТУДЫМ

Дұшпандарым деп жүр дейді:
«Байыт деген ісірме,
Елге тірек азамат боп ойнайды екен түсінде…»
Десе десін оған менің қисаймайды ештемем,
Бірақ, бірақ халқым сенен тығып өткен
еш кірім жоқ ішімде.
Жаралғанда сен деп тудым жаралы елім
жазайын деп жараңды,
Желді сөзбен жетіміңді жебейін деп,
жыртылса егер жамайын деп жағаңды.
Арандалса алға тартып ағамды,
Табандасаң жаңартпаққа тағаңды,
Жаратылдым жасқа бөлеп жанарды,
Сорғалаттым сортаң-сортаң зар ән

Байыт ҚАБАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *