САҚЫПҚА АЙТҚАНЫ

Қашаған жасы жетпістен асқан шағында Шеркеш
руының бір қыз ұзату тойына барады. Сақып дейтін жас
ақын Қашағанға жол бермей, тойды өзі бастайды. Сақып
тойбастарды аяқтай бергенде, оның әдепсіздігіне ренжіген Қашаған өлеңді төгілте жөнеледі:
Ей, шырағым Сақыпжан,
Сөз басталмайтын ба еді ағадан,
Жауапқа кәміл данадан?!
Ағасын іні қор тұтқан,
Өз көңілін зор тұтқан
Шығып па еді тәртіп жаңадан?
Кешегі дүбірім барында,
Даңқым бір кеткен шағында,
Әдепсіз мұндай балаларға
Бір жасы үлкен ақыл айтса,
Кетпейтін еді-ау шамадан.
Мұнартып Еділ таспаса,
Кемерінен аспаса,
Көбігін көкке шашпаса,
Биіктен қарғын баспаса,
Су жүретін бе еді Жайыққа?!
Пароход жүрсе дарияда,
Жол тиетін бе еді қайыққа?!
Әдепсіз мұндай балаларды
Бұйырмайтын ба еді айыпқа?
Жиналған көптің ішінде
Қайраты қалың ер де бар,
Билігі қалың би де бар.
Қалаулысын қаласын,
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *