Ақпанның аязды ашық күндерінде, шағын бақтан бірнеше рет «си-си-сю» деп оңай қайталанатын ашық әуен естіледі. Бұл көлемі жағынан торғайдай, бірақ, әлдеқайда әдемі үлкен сары шымшықтың әні. Оның басы, тамағы, кеуде бойындағы сызығы және құйрық ұштары қара түсті, беттері мен желкесіндегі дақтары ақ, құйрығы мен қанаттары сұр-көк, арқасы жасыл, кеудесі мен қарыны ашық сары. Жаздыгүні сары шымшықты аралас немесе жапырақты орманда, шағын ормандарда, саябақтарда, ескі жеміс бақтары мен елді-мекендерде кездестіруге болады. Ол ағаш қуысында жұмыртқалайды, бірақ, қолдан, ағаш қуысы сияқты жасалған ұяларды да қолданады. Қалалық жерлердегі сары шымшықтың «пәтері» жарық шамдарының қуысы. Қалалардан тағы да бір шымшықты кездестіруге болады. Ол көкшіл шымшық. Бұл құстың басы, құйрығы және қанаты көк, арқасы жасыл, маңдайы мен беттері ақ, тамағы, кеуде бойындағы және мойын айналасындағы сызығы көкшіл-қара, кеудесі мен қарыны сары. Көкшіл шымшық үлкен сары шымшықтан әлдеқайда ұсақ келгенімен, дәл сол сияқты ширақ құс. Қыста көкшіл шымшықтар терезе жақтауларынан қорек іздейді. Ал, кішкентай московка шымшықты тек қана орманнан көруге болады.