Он сегіз мың жан болад,
Білмеген адам таң болад.
Шариғат жолы бойынша
Өлгенге – намаз, ысқат шарт.
Нұреке, енді тілің тарт,
Көп ішінде көлденең
Туысына ұрынған
Дүниеде жаман зат.
Нұрым:
Шамданба, шайыр данамыз,
Білмеген соң бұ сөзді,
Сұрамай неғып қаламыз?!
Сен бір – қойма, дүкенсің,
Ұрулы тұрған құлыбың.
Ашарман келіп ашпасақ,
Ішіндегі тауардан
Бүгін қалай аламыз?!
Алдыңда сенің сөз айтқан
Жасы үлкен ағаңыз.
Дұшпаның емен, Қашаған,
Аяғыңнан алатын,
Қапталдан ауыз салатын.
Қашаған, саған бір сұрақ:
Екеуі жансыз, екі арам
Бейішке кім ед баратын?
Дүлдүлді мініп парлатқан.
Көпірдің шәрін қандатқан
Шәһимәрден Ғалиға
Жәбірейіл келгенде
Қашаған Күржіманұлы