Көп ойлансам, өлер, – деп, –
Жанына зақым келер», – деп,
Тапқан ақыл ойменен,
Қызғындаған бойменен,
Сөйтіп үйге барады.
Сол күні жатып қалады,
Ертеңіне тұрады.
Асылы ноғай халқынын, –
Шежіресі қолында
Әспембет деген бір қарттың
Құлағына барып салады,
Әспембет тарих қарады,
Шежіреге көзін салады.
Әспембет қарт айтады:
«Ей, Қыдырқожа байымыз,
Осы ма келген жайыңыз?
Шын сөзіме наныңыз,
Сөзімді бұлдап алыңыз.
Бұрынғы өткен қарттардан
Естігенім бар еді,
Кетпесе шығып жадымнан.
Келіпсің, тақсыр, мұнда, – деп, –
Құлағыңды сал шынға, – деп, –
Он төрт қабат жер мен көк,
Жаратылған нұрдан, – деп, –
Атамыз Сафи, Салолла,
Жаралған топырақ, құмнан, – деп,
Хазіреті Шейіш пайғамбар,
О да жаратылған
Бір Алланың ішінен,
Рақым еткен күшімен
Бір тамшы тамған судан, – деп.
Қашаған Күржіманұлы