Күн секілді күркірейміз

Күн секілді күркірейміз,
найзағай боп жарқылдаймыз жанамыз,
Жайдарлансақ жайлау сынды ашылады
құшағымыз, жағамыз,
Біз бақытты, байлықты да
таудын ғана табамыз.
Өсеміз бе,тау орманы секілденіп тауға қарап өсеміз,
Есеміз бе,тау самалы секілденіп есілеміз, есеміз.
Кесеміз бе,кесімді де тау секілді кесегімен кесеміз,
Кешеміз бе,таудай құнды тау секілді былқ етпейміз кешеміз.
Көшеміз бе,тау басынан тау басына көшеміз.
Өшемізбе,тау қойнына кіреміз де өшеміз.

Байыт ҚАБАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *