Қашаған ақынның өткір сықағынан молдалар мен билер өлердей қорқады екен. Осыны білетін бір кедей жігіт
Қашағанға келіп:
– Ақын аға, менің жалғыз атымды бай ауылының есер
жігіттері тартып алды. Арыз айтып Аймағанбет биге барайын десем, ол әлгі зорлықшылардың ағайыны екен.
Аймағанбет қайтсе де ағайынына бұратын кісі көрінеді.
Атымды кәйтіп аламын, ақыл беріңізші, – дейді өтініп.
Сонда Қашаған әлгі жігітке:
– Шырағым, ныспың кім? – дейді.
– Ныспым Шоңқара.
– Ендеше, сен бидің алдына барып арызыңды айт.
Ол билігін бастамай тұрғанда, мына бір ауыз өлеңді
айтарсың:
Менің атым Шоңқара,
Қырын келмей, оң қара.
Төрелікті түзу бер,
Туғаныңа соң қара.
Кедей жігіт Аймағанбет биге барып, ақын үйреткен
өлеңді айтып жібереді. Бұрылар жері қалмаған би дұрыс
төрелік айтып, жігіттің атын қайтарады.
Қашаған Күржіманұлы