Жан екен қайыры тартылған.

Жан екен қайыры тартылған.
Аштан өле жаздаған соң,
Бір бағыланын сойдырып,
Ірімшік, құртын қойдырып,
Рақаттанып тойындық
Сарбастың қатыны Алтыннан.
Тәңірберген халқында
Бөпежан деген бір байы
Парасатсыз жан екен,
Арпалысып қарпыған.
Қолынан келер нәрсе жоқ,
Әркімді сырттан шарпыған.
Қонақ келсе, күрілдеп,
Үйіне келмей, тартынған.
Біздерге дұрыс қарамай,
Бір шәйнек суға жарамай,
Балтабай мен Бөпежан,
Көре алмадым халықта
Ол секілді антұрған.
ЬІлғал жоқ деп үйімде,
Жасырды суын бар тұрған.
Өрісбайдың Байтүзел
Бір қозы ал деп арнады.
Алайын деп барғанда
Бермей кетіп, алдады.
Күзен тісті, қисық көз,
Сотанақ екен балдары.
Ұрлап алып қамшымды,
Сол қырсық естен қалмады.
Су ішінен итбалық
Бір мезгіл аулап келуге –
Сол екен байдың арманы.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *