Жабағыдан сырыған бөркім бар

Жабағыдан сырыған бөркім бар,
Жүдеп жүрген көркім бар.
Көрдеу байлар қамайды,
Қойға бар деп сабайды,
Бармасқа қандай еркім бар?!
Көрдеубайдан таяқ жеп,
Бір күні жаман сорладым,
Көзімнің жасы парлады.
Қайтайын десем ел алыс,
Қасымда болмай бір таныс,
Астымда болмай бір тайым,
Жабығып қатты зарладым.
Бір күні ұйықтап жатқанда,
Қара кісі келіп: «Тұр, – деді, –
Мойныңды маған бұр», – деді.
Сол кісі және сөйледі:
«Қашаған, балам, көзіңді аш,
Өнер бердім – жұртқа шаш.
Таяғыңды тастап, қойдан қаш,
Барың болса, пайдаға ас.
Жырдан болар кәсібің,
Елден болар нәсібің.
Ұлықсат етіп сыйладым
Халықтың төр мен есігін!»
Батасын берді қол жайып,
Екі қолын мол жайып.
Ұлықсат содан болған соң,
Жөнелдім сөзге мен байып.
Тартып кетті қолымнан,
Тұрғызып кетті орнымнан.
Қой соңында ертең қаңғырып,
Өлең айтып жаңғырып
 
 
Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *