ДОМБЫРАНЫ ҚОРҒАҒАНЫ

Осы кезде сыртқа Сұпы шығады. Қашаған Сұпыға тиісе жыр төгеді:
Сұпыеке, ашу қандай, ақыл қандай?
Болмаса тентек қандай, мақұл қандай?
Атаңнан қонақ ұлы деген жоқ па еді,
Жақсылар айтып кеткен нақыл қандай?!
Қонақпен керістіріп қойғаннан да,
Келінді күнә ма еді шақырғанда-ай?!
Шарғы жолын ұстаған Сұпы болсаң,
Мейман жайлы көрмес пе ең Бақырғанда-ай?!
 
Бәйгі алдым талай жерде шабыспенен,
Қашаннан күнім кешті жарыспенен
Несібе осылайша жаралған соң,
Жақынды араладым алыспенен.
Құдайдан қорыққан пенде қондырар деп,
Мен келдім Сұпы деген дабыспенен.
Келіншегін бет қаратпастай еткеннен сескенген
Сұпының баласы Қашағандарды арық-тұрақ мал жемдейтін үйге кіргізеді. Олар оған отырмай, Есқалидың өз үйіне
кіреді. Есқали қонаққа амандаспастан, намазға кірісе береді. Осы кезде Сұпының кішкене немересі Қашағанның
домбырасын қызықтап, дыңылдатып жібереді. Сол сәтте
Есқали Қашағанға меңзеп:
– Бейқасиет, көргенсіз, бұл үй домбыра тартып, өлең
айтуға тігілген жын-шайтанның үйі ме еді, Құдайдың
үйі еді ғой. «Ит еріткен қонақ жараспайды» деген
-дей, шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан келді? – деп
жекіреді. Осы кезде Есқалидікіне бағанағы малшы жігіттер мен олардан «Қашағандар келді» деп естіген ауыл адамдары жиналып қалады. 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *