Түйенің түйе болмағы –
Шөк дегенде шөккеннен.
Өгіздің өгіз болмағы –
Өк дегенде өккеннен.
Қайықтың жүрдек болмағы –
Екі жақтап ескеннен.
Түйенің жүрдек болмағы –
Көлденең мұрнын тескеннен.
Ауыл үй араз болмағы –
Бір-бірімен егескеннен.
Бидің әділ болмағы –
Әділ ғып дауды шешкеннен.
Жақсы кісі сол болар –
Елінің қамын ескерген!..
Құлыншақ Кемелұлы