АҒАЛАР

Ағалар-ай,
ағалар-ай көп-ақ еді тілегенім,
сұрағаным сендерден,
Сендер неге жалықпайсың желікпенен
жемсауыңды жемдеуден.
Күн өткізіп келесіңдер
мен деуменен, сен деумен,
Араласып көрсеңдерші
жабырқаған ел жұртыңды емдеумен.
Ағалар–ай,
ағалығың керек боп тұр тақ бүгін,
Өздеріңсіз
қайтіп, қалай естіледі жатқа үнім.
Қол үшіңді берші аямай осы болсын
ағалығың өзгертейін хат түрін,
Түсіп бара жатыр кәзір
елің, жұртың отқа інің.
 
 
 

Байыт ҚАБАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *