Өзіңде — Өзің,
Өзімде де — Өзің,
Өз, өз, өз…
Өзеуреп бүгін өзіңді ойлар кез емес.
Еркіндігіңді құрметтей алам мен сенің,
Еркінсу бірақ есіру деген сөз емес.
Өзімшіл ұлдың бірі мен едім, мен едім,
Тәкаппар еткен Тәңірім менен Өлеңім!
Мен бірақ, күнім, еркіндік деген дүниенің,
салдарын емес, құрметтеуші едім себебін.
Еркіңді,
ойды,
таңдауды,
арды,
төзімді –
тәуелсіз еттім,
боданың еттім сезімді.
…Өмірді мынау өзгертіп кетем деп жүріп,
Өзгертіп әлде алдым ба екем Өзімді?!
ЕРЛАН ЖҮСІП