ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ

Кетті, келген соң кеткісі,
Бөтен жар, басқа үй…
Сейфуллин проспектісі,
Такси.
Көзі – алқызыл сүрмелі,
Алқызыл плащ.
Ол ештеңе білмеді,
Білмедім… рас.
Қарлы,
Желтоқсан басталды,
Сәл күтсе нетті?!
Ештеңе жоқ астарлы:
Кеткісі келді, кетті.
Себеп те жоқ тілдесер,
Салдары – ауыр…
Жүректерде бүрлесе
Кінәмшіл сәуір…
Күлкі – екеу, мұң – жалғыз,
Кетті… Мен де кетем.
Аялдамада тұрған қыз –
Бөтен.
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *