Шылаған солған шөпті шық қана дірілдейді,
Жылаған жүректердің көз жасы секілді еді.
Тұншығып,
Жапырақтың соңғы әнін тыңдадым да,
Тыншыдым…
Жыладым ба, білмеймін, жырладым ба?!
…Сұрланған айға қарап күзгі бақ күрсінді де,
тіршілік қалғып кетті,
көзімді жұмғанымда…
ЕРЛАН ЖҮНІС