Қыздар мені іздепті көк қаладан

Қыздар мені іздепті көк қаладан,
Аруының үмітін ақтамаған,
Ақынының жырларын жаттамаған,
Қыздар мені іздепті көк қаладан.
Таба алмапты ақынның бұл мекенін,
Біле алмапты жүрегі бірге екенін.
… Алма жинап жүр ме екем оларға арнап,
Соларға арнап гүл теріп жүр ме екенмін!?
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *