Қайтқан құстың қанатының суылы…
Сенің жаның, бәлкім, содан суыды,
Менің жаным, бәлкім, содан жаурады…
Уыз емген үміттердің уілі,
Еркелескен еріндердердің күбірі,
Көшкен бұлттай көкіректен аунады.
Мен шықпаған арманыңның таулары,
Сен кезбеген бақытымның баулары.
Білесің бе, мазалайды мені кеп…
Құс арманы қанатынан саулады:
Есалаңдау осы нөсер жауғалы,
Бір жылағым келетіндей еңіреп.
Қаз қаңқылы, қу сыңқылы қайғылы,
Аласұрған ақ аспанның айдыны,
Күрсінеді күзге ұрынып көңілсіз.
Жалғыз келем көкірегім шайлығып
Қарауға да дауаламай қайырылып,
Не өмiрсiз, не өлiмсiз – өзіңсіз…
ЕРЛАН ЖҮНІС