Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін
басты тұлға-ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымның ұлысы-ұстаз
Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес,сонымен қатар жасөспірім ұрпағы,өйткені олар-ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім.
Олай болса , жас ұрпақ білім мен тәрбие беретін ұстаз –баға жетпес биік тұлға.Ұстаздық ұлы қасиет.Ұстаз –білім нәрімен сусындаған жан.
Абай атамыз «сен де кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»деп айтқандай әр оқушыға білім беріп,оған бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы –мұғалім.Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше.Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана.Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді дамыту-қасиетті парыз.Осындай істі абыроймен атқаруға үлесімді қосу мақсатында педагог болуды таңдадым. Шәкірттермен қарым-қатынаста бола білсем,үйренсем деген арманым.Ұстаз атана білу,оны қадір тұту,қастерлеу, арындай таза ұстау –әр мұғалімнің борышы. Мен-ұстазбын, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын –педагогпын.Оқушылардың ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, жеке тұлға тәрбиелеу үшін, олар өз бетімен білімін шыңдауға, терең ойлауға,ойын дұрыс жеткізе білуге үйретемін. Менің ұстаз ретінде міндетім- жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, жас жеткіншектерге өмірден өз орнын табуға, бағыт бағдар беру. Осы қиын да қызық мамандық мені ешқашан жалықтырған емес, қайта –құлшынысымды арттырып, жаңа әдіс іздеуге итермелейді. Менің қызмет жолындағы педагогикалық ұстанымым-ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле.
Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол-ұстаздық.
Халқымыз «Жас келсе -іске»деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жігерімді, күш-қуатымды,жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса , мен өзімді бақытты ұстаз,бақытты адам деп білемін.Ұстаздық еткен 11 жыл ішінде мен өз іс-тәжіриебемді түйіндей келе төмендегідей ой қорыттым. Күнделікті танертен жұмыс орныма келгенде , балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Қазіргі таңда мен оқушыларды бірін-бірі таңдап ой пікірлерімен бөлісе, бағалай алатын сабағымды жоспарлаймын.
Сондықтан қазіргі уақытта мұғалім өзі сын тұрғысынан ойлана алатын, басқада ұстаздармен іс әрекеттесіп өзінің кемшіліктерін түзете алатын, алдағы сабақ жоспарларын оқушыларға тиімді етіп жоспарлап жүретін ұстаз болуы қажет деп ойлаймын.
БҚО, Орал қаласы, Мектептен тыс жұмыс орталығы «Балбұлақ» балалар шығармашылығы жетекшісі: Хамитова Тынышгул Есеновна