Лала гүлі: «бір қызды сүйем!» деді,
«Сүйе ғой!»,
Сүйген жүректер ғана мына әлемге ие ғой!
Лала гүлі: «сол қызды көрсем…» деді,
Көрелік,
Көре алмасақ дүние кетер еді көнеріп.
Лала гүлі: «сол қызға сыйла мені» дегені,
Ия, менің де сұлуға гүл сыйлағым келеді!
…Гүлді бердім, сонда қыз:
«Сүйем сені!» дегені,
О, Құдайым, ал менің не жазығым бар еді?!
ЕРЛАН ЖҮНІС