Күтілмеген. Ұмытылған. Ескірген.

Күтілмеген. Ұмытылған. Ескірген.
Ештеңе де сұрамайтын ешкімнен.
Көктем күліп, күзде жылап жататын,
Сол бір бақта өстім мен.
Сол бір бақты менен өзге ұғар кім,
Түсімде де… ішінде ол тұманның:
Мен сол бақта бір Ерланды қалдырып,
Өзге Ерланды алып шыққан шығармын…
Биыл барсам…
Кеткім келді бұл маңнан:
Кәрі ағаштар қырқылыпты ырғалған,
Соқпақтарға тас төселген, тұлданған,
Ескі ағаш орындықтар сырланған…
Қайран жастық, қайттім
сені-ай ұрланған!?.
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *