Жүректі қорғаусыз қалдырма,
Қараусыз тастама!
О, сеніп тапсырма тағдырға,
О, сеніп тапсырма басқаға!
Бер бәрін! Бәске тік басыңды!
Қаласа, бауырыңды кесіп бер!
Бер бәрін, жылдарды, ғасырды,
Ең соңғы көйлекті шешіп бер!
Бер бәрін, аяма сен бардың,
Білмейтін жандарға аяуды,
Бекзада жүректе – дегдар мұң,
Киесіз шаттықтан аяулы!
Адамдар айналар тағдырға,
Тағдырға – сезімсіз…
…Жүректі қорғаусыз қалдырма,
Қалса да бұл дүние – өзіңсіз!
ЕРЛАН ЖҮНІС