Жүрегім – жердің серігі

Жүрегім – жердің серігі,
Айнала ұшар ол сені.
Ауыр ма ақын өмірі,
Дәуір ме оның өлшемі?
Білдік біз ненің өлшемін,
Сездік пе мәнін тағдырдың?
…Түсіңе кірсем мен сенің,
Шырақ жақ түнде, жан құрбым!
Сен кешір, мұңлы бір мен бе,
Өңінде халді сұрар кім?
Адасып жүріп түндерде,
Түсіңе кірген шығармын…
Жүзімді елден жасырдым,
Жалғыздығымның атынан!..
Мен ақын – мұңлы ғасырдың
Түсінде өлең оқыған!
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *