Жолы болғыш балық аулаушылар

Бірқазандар – ірі қанаттыға жатады, олардың салмағы 10,5 келі, тіпті 14 келіге дейін жетеді, қанатының құлашы – 2,7-3,5 м. Олардың үлкен, қатты және ұзын тұмсығы бар. Төменгі жағының астында тері қапшығы болады. Бұл тері қапшық балық аулаған кезде үлкен рөл атқарады. Бірқазанда саусақ үлгісіндегі түкті қауырсындары бар кең құлашты қанат бар. Бұл құстың түзу бағытталған және еркін толқыған үлкен, кең қанаты бар. Ұшу кезінде мойынын иіп, басын иығынан асыра самғайды. Бірқазандар көлдерді, ішкі теңіздерді, өзендерді, сондай-ақ, балыққа бай шағын көлшіктерді паналап, мекен етеді. Тәулігіне 1-2 келі балық етін жейді. Суға үлестік салмағының аздығынан сүңги алмайды.Балықты аса тереңдіктен емес, су бетінен аулайды. Бірқазандар – тростниктерде, көшкіндерде, өзен бұрылыстарында топ-тобымен орналасып, сол жерлерде ұя салады.Балапандарын бастапқыда түрлі тамақтармен қоректендіреді. Сонан соң тамақ тауып жеуге үйретеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *