Жан көрмес азапты хәл аз ба, сірә

Жан көрмес азапты хәл аз ба, сірә,
Әркімнің жетер мұңы өз басына.
Жүректің түбіне кеп тунады екен,
Ауыр сөз, аяулы мұң, көз жасы да!
Көтерер жүрек бәрін, көтереді,
Езілер, емексиді, еті өледі.
Жүрекке жеңіл нәрсе бата алмайды,
Батқанын қайта алмасаң нетер еді?!
Бәрінің бұл өмірде бар себебі,
Бұл өмір бір себепсіз нәрсе ме еді?!
…Өлмейді дертті жүрек қанжар сұқса,
Суырып сол қанжарды алса – өледі!
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮСІП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *