Жалғыздыққа,
Жалғыздықта түн есімін атама!
Жанып кете жаздасын!
Сұлу –
ардың,
Сұлу – зардың,
Сұлу – қардың есімі!
Шимай-шимай өмір жолым –
сұлулардың есімі!
Қандай азап бір әріпін өшіру,
Қаныңменен жазғасын!
…Ғұмыр кешу – әйелдерді кешіру,
Кешіп барып көз жасын!..
ЕРЛАН ЖҮНІС