Жаз да өтті, сұлу салған ән сыңайлы,
«Қош» деуге қалай енді жан шыдайды?!
Жаңбыр иісі… тамыздың тоңғақ түні
жапырақтың көзінен тамшылайды.
Ауық-ауық тұр, міне, себелеп түн,
себелекті келгендей өлең еткім,
жаңбыр иісі… ашылған терезеден
әнін шырқап қоямын көбелектің.
Әр тамшысын бірлеп-бірлеп санап түннің,
тезірек таң атқанын қалап тұрмын.
…Көңілімде мұң да жоқ, шаттық та жоқ,
терезеден ешқайда қарап тұрмын…
ЕРЛАН ЖҮНІС