ДЕРТТІМ

Есіл-дертім,
Кешір, дерттім,
Есім кетті,
Көшім кетті,
Кеттім!..
Не үшін келдім?
Не үшін кеттім?!
Сезімнен қорғағым келді,
Сол үшін кеттім мен.
Өзімнен қорғағым келді,
Сол үшін кеттім мен.
Ойымнан қорғағым келді,
Ойран бұл шағымда.
Уайымнан қорғағым келді,
Сағынба, сағынба!
Ашудан қорғағым келді,
Ашынып өлмейін.
Жасымнан қорғағым келді,
Жасыңды көрмейін.
Мұңымнан қорғағым келді,
Өтінем, ақтама.
Жырымнан қорғағым келді,
Жырымды жаттама!
Болдым да, болмадым, міне,
Жоғалдым әр күннен.
Өзіңді қорғадым, міне…
…Қорғансыз қалдым мен!
 
 
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *