Бүгін өлең жазылмады, жазбадым

Бүгін өлең жазылмады, жазбадым,
Жазар жанға аз ба уайым, аз ба мұң?!
Дүниедегі екі бір де арманым,
Жеті бір де боздағым!
Озар дүние он құбылып өремде,
Тозаңды аспан тебіренгенде төбемде,
Жазу оңай тиген сайын қорқамын,
Қазу оңай тигендей көр өлеңге.
Сезім ішкі шексіздікке жұтылар,
Ой да бір сәт айдай болып тұтылар…
Өлең деген өтер өмір емес қой,
Өле салып азабынан құтылар.
Әлем Ары, Өлең Ары – Маған Дар,
Дар басында дауласар қай шамаң бар?!
О дүниесі мен бұ дүниесі жоқ әлемді
Өлең дейді адамдар!..
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *