Ақылға сияр айыптағаның,
Арманыңдағы болмадым.
Асықпа, жаным, ғайып боламын,
Көзіңді жұмсаң болғаны.
Тістелеп үнсіз ерніңді үлбір,
Ойлана қалшы өзіңше.
Ұшып та кетер өмірім бұл-бұл,
Жалт ете қалған сезімше.
Болмаса, бір сәт жамалды бөтен,
Аңсашы… әлі кеш емес.
Бұлбұлды бақша, маралды мекен,
Бәрі де, бәрі… бос елес.
Жылап тұрғандай ішінен күлкім,
Күлкілі неткен көз жасым.
Бұйырам кейін түсіңе, мүмкін,
…Сағынуға жазбасын.
ЕРЛАН ЖҮНІС