Аяулы неткен аңсарлы шағы

Аяулы неткен аңсарлы шағы,
Қарашы қарға, қарашы әппағын!
Қанша биіктен кұласа дағы,
Қалықтап қана қонып жатқанын.
О, бәлкім ол да қанатын әппақ,
Кір шалмауы үшін ете ме солай,
Арын да, жанын тап-таза сақтап,
Ұрыса алмауы үшін ете ме солай,
Ешкім де оған?
О, таза шақтар,
Кірледің деме!
Кірледің деме!
…Кірпікке жеңіл қонатын ақ қар,
Тым ауыр болып тамады неге?!
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮСІП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *