Австралиялық спринтерлер мен кивилер

Жаңа Гвинеяның немесе Солтүстік-шығыс Австралияның тропикалық ормандарында адам салмағы 90 келілік ірі құстардың шабуылына кезігіп қалуы мүмкін. Және де бұл жағдай адамға қиындау тиіп, құстың ішкі саусағындағы өткір тырнағы оны оқыста жазым етуі ғажап емес. Әрине, мұндай жағдайлар сирек те болса кездесуі мүмкін, тек құс ондай әрекетке жауларынан қорғану барысында ғана барып, өз қаруын қолдана алары анық. Мұндай таңғажайып құсқа казуарды жатқызуға болады, ол нағыз живопистік ортадағы түйеқұс тектес құс. Оның қауырсыны қара– түсті, ал, басында сарғыш-қызыл және жасыл өңді жалаңаш жер бар.Казуардың басын мүйізді тарақ «шлем» өрнектеп тұрады.Казуардың қанаттарынан 6-8 сүйірленген жуан және ұзын мүйізді қылшықтар қалған, Бұл мамық қауырсындардың қалдығы. Орман «түйеқұстары» құлаған ағаштардың шырын жемістерімен қоректенеді. Кейде олар омыртқасыз бунақ денелі жәндіктерді де, ең таңқаларлығы, балықтарды, өзендегі шағын шаяндарды да аулап, жей береді. Казуарлар суда да емін-еркін жүзе алады. Мекиені жерге жапырақ, шөп салып, орналасқан ұяда салмағы 600 грамдық 3-тен 5-ке дейін көк түсті жұмыртқаларын басады. Жұмыртқаларды ата-аналардың екеуі де басады Бірақ балапанды қораз басып шығарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *