Сен өмірге келген күннен былайғы,
Күндеріме шүкір айтып жылаймын.
Күбір толы кеудеме нұр құйылып,
Маған тартқан ұлы сыйы Құдайдың.
Сәби даусың естілген күн – ұлы күн,
Әке болып қуанғамын, құлыным!
Әке болып оянғамын ұйқымнан,
сипағанмын тәтті үміттің бұрымын.
Әлди, әлди, әлди, бөпем, сеніменен
көзімдегі көкшіл мұңды емдегем.
Қызым үшін садаға етем музамды,
тынышымды алма менің енді өлең!
Серікбай Әбілмәжін