ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ

– Ол әлі ұйқысыз жатыр.
– Бір уыс сәуле әкеп шашшы…
– Жымиып кім отыр мұнда?
– Үнсіздік дауысы – ащы!
– Қар жауа бере ме жылда?
– Мені өзім шақырып алдым.
– Мені де шақырған өзім.
– Өзімді сен бе деп қалдым…
– Ұқсайды көзің.
– Ей, қайда кеттің? Қашпа!
– Бұл әлем Адамға сараң!
– Өзіңді апарып таста,
Өзімді шығарып салам!
 
– Есікті кім теуіп кеткен?
– Қайыршылар жүр еді мана…
– Бәрі де бір той ғой көппен…
– Бейімсіз тұрмысқа жаңа.
– Телефон шалды ма біреу?
– Банктен … Шақырды сотқа…
– Әй, бар іс – сорыңды күреу.
– Бәрі бар – тек біздер жоқта.
– Көршілер той қамына әуре.
– Несие аламыз деген…
– Ол да бір дәурен.
– Керең.
– Аяқтан сыз өтті мүлде.
– Болмайтын іс дедім ол да…
– Кептіре салсаң ғой түнде.
– …жылиды зорға.
– Сағындым бозбала күнді..!
– Қартайып тұрсың ба, түге.
 
 
 

Ерлан ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *